Войти / Зарегистрироваться

Урок по литературе

Получить свидетельство
Автор: Кушекова Куралай

Сабақтың мақсаты:
1) Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолын,Абай шығармаларының өзіндік ерекшелігі,пікірлерінің құндылығы,ондағы дәстүр мен жаңашылдық жайлы білімдерін қалыптастыру;
2)  шығармашылықпен жұмыс істеуге,оқып-білуге ынталандыру,ойлау қабілетін,сөйлеу мәдениетін жетілдіру;                
3) ұлтжанды болуға,отансүйгіштікке,еңбексүйгіштікке,табиғатты сүюге, адамгершілікке,өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: білімді тиянақтау.
Әдіс-тәсілдері: іздену,баяндау,сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: Абайдың суреті,әдеби кітаптар,қосымша материалдар,электронды оқулық,Абай туралы зерттеу еңбектер,Абайдың бабалары мен балаларына арналған кесте,әдістемелік оқулықтар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, музыка, тарих.
Сабақ барысы.
  1. Ұйымдастыру кезеңі;
  2. Үй тапсырмасын сұрау;
  3. Үй тапсырмасын қорыту;
  4. Жаңа сабақ.
 Қазақтың бас ақыны
 Абай Құнанбаев 1845-ші жылы Семей облыы,Абай ауданында дүниеге келген. Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты,Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос,Қайдос,Жігітек есімді үш ұрпақ тарайды.Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір ру болып кеткен.Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай,Көтібақ,Топай,Торғай деген төрт ұл туады.Ырғызбайдан: Үркер,Мырзатай,Жортар,Өскенбай тарайды.Өскенбайдың әйелі Зереден: Құнанбай туады.Құнанбай төрт әйелі болған адам.Оның бәйбішесі Күңкеден: Құдайберді,інісі Құттымұхамбетке айттырылып,қалыңдық кезінде жесір қалған соң,өзі алған екінші әйелі Ұлжаннан – Тәңірберген (Тәкежан),Ибрахим (Абай),Ысқақ,Оспан,үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла,Ысмағұл туады.
Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ.Абайдың «Атадан алтау,анадан төртеу едім» дейтіні осыдан.Болашақ ақын сабырлы мінезімен,кеңпейілімен ел анасы атанған кәрі әжесі – зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп өсті.Абай әуелі Ғабитхан деген молдадан сауатын ашады.Он жасқа толған соң үш жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды.Ол медреседе араб,парсы тілдеріне негізінен дін сабағы жүргізілетін еді.Ол енді дін оқуын місе тұтпай,білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады.Сөйтіп,көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен,араб,иран,шағатай тілінде жазылған ертегі,дастан,қиссалармен танысады.шығыстың Низами,Науаи,Сағди,Хафис,Сафи сияқты ұлы ғұлама ақындарына бауыр басады.
«Абай лебі,Абай үні,Абай тынысы – заман тынысы,халық үні.Бүгін ол үн – біздің де үнге қосылып,жаңғырып,жаңа өріс алып тұр». Мұхтар Әуезов.
«Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев.Одан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ». Ахмет Байтұрсынұлы.
Сәбит Мұқанов Абайды «Ақыл-ақын» деп биікке көтерді.
Абайдың бабалары мен балалары
Ал, А.Байтұрсынов болса,Абайды қазақтың бас ақыны етті.
Орыстың сыншысы Белинский: «Орыстың әдебиеті Пушкиннен басталады,орыстың қан тамыры соның поэзиясында ғана соғады», - деген.Ал біздің поэзиямыздың қан тамыры Абайдан бастау алады.
«Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас» - деп, өзге өнерден сөз өнерін жоғары қояды.Ұлттың тілі – сол ұлттың айнасы,құралы.Абай ұлттық тілдің сол ұлтқа жат, түсініксіз сөздерден таза болуын талап етіп былай дейді:
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол – ақынның білімсіз,бейшарасы.
Абайдың музыкалық мұрасын зерттеуде інісі Ысқақтың баласы Архамның үлесі зор.1935-ші жылы латиф Хамиди екеуі реттеп шығарады.1938-ші жылы Уәли Бекенов «Тор жорға», «Май түні» күйлерін нотаға түсіреді.1957-жылы «Желдірмені» Хамза демесіновтың орындауымен қағазға түсіреді.
Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Петербургтен Семейге айдалып келген Михаэлиспен,80-жылдары орыс демократтары Н. И. Долгополовпен, А. А. Леонтьевпен танысады. Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеуметтік көзқарасына игі ықпалы тигені сөзсіз.Бірақ А.Құнанбаев орыс мәдениетімен,демократтық көзқарастарымен осы кісілер арқылы танылды деу ағат айтқандық болар еді. Бұл тұста,М.Әуезов: «Орыстың тілін біліп,орыстың ұлы мәдениетін мол,терең тани бастаған Абай озық ойды бұлардан үйренбейді. Пушкиннің өзінен, Белинский, герцен, Чернышевский, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың өз мұраларын оқып, кең, терең, тәрбие алды», - деп тұжырымдайды.
Абай осылайша Еуропаның гете, Байрон сияқты ақындарын, Спенсер, Спиноза, Льюис,дарвин, Дрепер сынды ғұламаларының туындыларын оқыды. Сөйтіп, М. Әуезовтің сөзімен айтқанда, «1884-жылдары өзінің қырыққа таянғанында ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі болды».
5.сабақты бекіту.
1. Ақынның қарасөздері,аудармалары (Ақын поэзиясынан үзінді оқу,мазмұнын ашу)
2. «Ғалым өлмес – қағазда аты қалар».Ақынның мақал-мәтелге,нақылға айналып кеткен сөздерін жатқа айту.
3. «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді оқу және морфологиялық,синтаксистік,фонетикалық және сөздердің байланысу түрлеріне талдау.
6. Сабақты қорыту. Топтастыру әдісін қолдану арқылы сабақты қорытындылаймын.
 

Похожие публикации