Войти / Зарегистрироваться

Урок по литературе

Получить свидетельство
Автор: Кушекова Куралай

Сабақтың  тақырыбы:  Ж. Аймауытовтың  шығармашылық мұрасы    
Сабақтың мақсаты: Ж. Аймауытов шығармаларын оқыта отырып, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу,ақынның өз бейнесін таныту жолын меңгерту;
дамытушылық – оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;
тәрбиелік – ақынның бейнесі арқылы ұлтжандылыққа,елін,жерін,туған отбасын сүюге тәрбиелеу.                                 
Сабақтың түрі:  ізденіс  сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,тірек сызбалар
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы: 
а)  Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.  Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б)  Жаңа сабақты түсіндіру.
Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер, "Қартқожа", "Ақбілек" романдары, "Күнікейдің жазығы" хикаяты мен "Әнші" секілді бірқатар көркем әңгімелері, "Рәбиға", "Мансапқорлар", "Қанапия мен Шәрбану", "Ел қорғаны", "Шернияз" пьесалары, "Нұр күйі" поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар. Газет беттерінде жарияланған публицистикалық мақалаларының өзі бір төбе.
Жүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталады. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Оның ақындық жүрегінен туған "Жазушыларға", "Неғып отыр?", "Ах-ха-ха-хау", "Ұран", "Еңбекшілер ұраны" секілді өлеңдері мен "Нұр күйі" поэмасында ақын бұрынғы өмірдің келеңсіз жақтары мен өз дәуірінің көріністерін ақындық сезімталдықпен жырлайды. Ол құбылыстарды жанды да нанымды суреттер арқылы көрсетуге ұмтылады. Мәселен, "Көшу" өлеңінде қазақ ауылындағы көш суреттері, көштің сән-салтанаты көрінсе, "Ұршық" өлеңіндегі ұршық иірген кемпірдің монологы арқылы қарапайым өмір көрінісі бейнеленеді.
"Нұр күйі" поэмасы 1929 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылады. Онда адамның көңіл күйі, қуанышы мен мұңы жырланады. Поэма жастарды өмірді сүюге, қиындыққа қарсы тұра білуге шақырады.
Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы — прозалық шығармалар. Кішігірім әңгімелерден бастап жазушы қаламынан "Қартқожа", "Ақбілек" романдары туды.
 Кітаппен  жұмыс:    Ж.Аймауытовтың шығармаларын оқып талдайды.
Семантикалық картаны толтырады.

романдары

әңгімелері

повесі

пьесалары

 

 

 

 

 

 

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.  Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін  
1.  «Ж үсіпбек Аймауытов –аудармашы» деген тақырыпта не ойларың бар?
2.Ж.Аймауытов шығармалары кеңестік дәуірде жарыққа шықпады. Бұған не себеп болды деп ойлайсыңдар?
3. Егемен ел әдебиеті үшін Жүсіпбектің қалдырған мұрасының құндылығы қандай?
Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарынақарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ж. Аймауытов шығармаларын  оқып келу
Күні:                      Пәні: қазақ әдебиеті                           Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: «Қалың мал» романы
Сабақтың мақсаты:  оқушының роман туралы түсінігін кеңейту,ой жинақтау,тәрбиелік мәнін ашу,оқушыны өз ойын айтуға,еркін сөйлеуге баулу.
Көрнекілігі: таблицалар,суреттер,кубик.
І.Ұйымдастыру.(Сабақ компьютермен өткізіледі.)
ІІ. Кіріспе сөзі:                                                                                                                                            
1. Мұғалімнің сөзі.                                                                                                                                                       2. Шығарманың құрылымын талдау:
А) Шығарманың басталуы                                                                                                                                               Ә) Оқиғаның дамуы                                                                                                                                                      Б) Оқиғаның шиеленісуі
В) Оқиғаның шарықтау шегі                                                                                                                                           Г) Оқиғаның шешімі.
Оқушылар баяндайды,талдайды.
ІІІ. Оқушыларға арнайы дәптерлер үлестіріледі. Әр оқушы тапсырмалармен жұмыс жүргізіп баяндайды.
Тапсырма.Қызығушылықты ояту.
«Топтастыру стратегиясы»

Тапсырма

Тапсырма жауабын толтыр

Әдіс-тәсіл

1) «Қалың мал» романына ұқсас қандай жыр, романдарды білесің?

 

Өткен материалдарды еске түсіріп,қорытындысын айту.

   
 Семантикалық картаны толтыр.
 

Оқиға шешімі

Сүйген жар төркіндетіп келе жатып батырдан мерт болады.

Сүйген жарды қара күш иесі қанжар салып өлтірді

Екі жас ат құйрығына байланып өлтірілді.

Боранды күні қыз өліп, қалтасынан хат табылды.

Сүйгенімен бақытты ғұмыр кешті.

Шығармалар

Еңлік-Кебек

 

 

 

 

 

Қозы Көрпеш-Баян сұлу

 

 

 

 

 

Қалың мал

 

 

 

 

 

Қалқаман- Мамыр

 

 

 

 

 

Бақытсыз Жамал

 

 

 

 

 

 
  Мағынаны ажырату. «Кубизм стратегиясы»
 

Тапсырма

Әдіс-тәсіл

Тапсырма жауабын толтыр

А) Суреттеп беріңіз

Образ жүйесін талда,басты кейіпкерлерді суреттеп беріңіз.

Ғайша

Қожаш

Итбай

Тұрлығұл

 

Ә) Салыстырыңыз. Венн диаграммасын толтыр.

 

 


Б)Зерттеңіз

Тест жұмысын белгілеңіз

І. «Қалың мал» шығармасы қандай үлгіде жазылған?

1. Драма.         2. Проза              3.Поэзия.

ІІ. «Е,Құдай! Менің де тілегімді беріп,байға қолымды жеткізетін күнің бар екен!».   Шығармадағы кімнің сөзі? 1. Тұрлығұл.  2. Итбай      3. Байғазы.

ІІІ. «Қалың мал» романы қай жылы басылды? 1.1910ж.  2.1909ж. 3. 1973ж.

IV. Тұрлығұлға Ғайшаны ұсынған кім?                                                                             1. Итбай-Айсұлу        2. Байғазы-Құреке        3. Әбіш-Қожаш

V.Ғайшаның анасы кім?   1. Жібек        2. Шолпан       3.Ақсұлу

  
    В) Қолданыңыз.Мәтіннен алған үзіндіні рөлде ойнап бер.
 

Г) Табыңыз

Романда қолданылған мақал-мәтелді тап

Мақал-мәтелді жазыңыз

 

 

 

 

 

 

Ғ) Талқылаңыз

Пікір айтыңыз

Пікір жазыңыз

 

  1. Ғайшаны Тұрлығұлға берген Итбай қылығына не дер едің?
  2. Сен Итбай орнында болсаң,қандай шешім қабылдар едің?
  3. Ғайша тағдырына кім кінәлі?

 

Ойтолғаныс сатысы.
  1. Шығармадан алған әсерім (эссе жазу)
  2. Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
  3. Өлең шығару.
IV. Сабақты қорыту. Мұғалім сөзі.Шығарманы бүгінгі күнмен байланыстыра отырып сөзжұмбақ шешкізу.
V. Үйге тапсырма беру.
VI. Оқушыларды бағалау.
 
 

Похожие публикации