Сабақтың тақырыбы. Тарихи карталар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға карта тарихы, қазақ жері жайлы карталық мәліметтер туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушыларға сұрақтар , тапсырмалар беру арқылы ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, адамгершілікке , елін , жерін сүйе, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ –жауап.
Көрнекілік: Сызбалар , кесте.
Құрал – жабдық: Карта.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру .
І. Ұйымдастыру .
а) Сынып оқушыларын түгелдеу.
ә) Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау , бағалау.
Тақырыбы:Тарих және кеңістік .
1. Кеңістік ұғымы
2. қазақ халқының кеңістік туралы ұымдары.
ІІІ . Өткен сабақты бекіту.
1. Кеңістікті қалай түсінесің ?
2. кестені толтыр.
Сақтардың әлемнің үш құрылымы туралы түсінігі |
Ежелгі түріктердің кеңістік туралы ұғымы |
Қазақтар кеңістікті қалай атаған ? |
|
|
|
3. Тест тапсырмалары.
1) Күнге табынудан қазақ жерінде қандай ескерткіштер қалған ?
А) пирамида ә) «мұртты қорған» б) обалар В) кесенелер
2) Ежелгі түріктер неге табынған ?
А) тәңірге ә) жаратушыға б) күнге В) тауға
ІҮ. Жаңа сабақ
1 . Карта тарихы
Алғашқы карталар - Қытайда жасалды
Карта жасау ісі дамыды - Ежелгі Грекияда
Ежелгі карталар
р\с |
Ежелгі карталарды жасушылар |
Қамтылған жері |
1 |
Геродот |
Жердің кескін картасын алғаш жобалап жасады. Оған Ежелгі Грекия жері енді. |
2 |
Птолемей |
Б.з.б. ІІ ғ. «география» кітабын жазып , оған қосымша дүние жүзінің картасын жасайды. 26 мемлекеттің аумағы қамтылады. Еуразия, Африка құрлықтарының бедері қазіргі кескініне біраз жақындайды. |
3 |
Ұлы ойшыл , саяхатшылар әл – Идриси,Ибн Хаукал |
Дүние жүзі және Орта Азия картасының түпнұсқасын құрастырып , қолжазбаға енгізген. |
4 |
Махмұд Қашғари |
ХІ ғ . қазақ жерінің саяси – этностық тарихы туралы дерек береді. |
ХҮІ – ХҮІІ ғ . – Италия , Голландия елдерінде карта жасау ісі жолға қойылды.
«Худад әл - Әлемде » ортағасырлық құнды еңбек , қарлұқтар жайлы дерек бар.
Әл-Идриси «Сурат әл-ард» («Жер беті суреті») – Қазақ жеріндегі ежелгі қалалар , таулар менөзендер жайлы , қимақтың 16 қаласы аталады.Ертіс өңірін мекендеген тайпалар
Орыс ғалымы С. Ремезов – ХҮІІ ғ. «Сібірдің сызба кітабы» - алғаш рет қазақ жерін өзі жазған кітабындағы картаға түсірген.
И.Г. Ренат – Тұтқындағы швед офицері – қазақ жерінің картасын Жоңғария ханының тапсырмасымен жасайды.
Ш. Уалиханов – Ыстықкөлді алғаш рет топографиялық картаға түсірді.
Ү. Жаңа сабақты бекіту.
1. Карта не үшін қажет ?
2. Әлемде алғаш карталар қалай жасалды?
3. Көне және ортағасырлық сауда мен көш жолдары туралы не білесің?
ҮІ. Қорытындылау.
ҮІІ . Үйге тапсырма
Тарих және карталар
Өздерің тұрған елді мекеннің картасын жасап келу.