Войти / Зарегистрироваться

Қарым -қатынас әліппесі ( тренинг)

Получить свидетельство
Автор: Кажикова Гульсум Тулеутемировна

Мақсаты: Мектеппен байланысты үрейленушіліктің алдын алу, қарым-қатынасты нығайту.
1. «Ғажайып доп» жаттығуы
Мақсаты: көңіл-күйді жоғарылату, топты біріктіру, бір-бірлері мен танысу.
Балалар шеңбер құрып тұрады. Балалар көрші тұрған оқушыға допты беріп, өзінің есімін және өзіне тән екі қасиетін айтады. Қалғандары мұқият тыңдайды.
2. «Орын ауыстыру» жаттығуы
Мақсаты: көңіл-күйді жоғарылату, жұмыс қабілеттілікті құру.
Оқушылар шеңбер құрып отырады. Жүргізуші кез-келген жағдайларды айтады, балалар соған қарап орын ауыстырады.
3. Топ ережелерін құру
Оқушылар жүргізушімен бірлесіп топ ережелерін құрастырады.
  • бірін-бірі тыңдау;
  • бір-бірінің сөзін бөлмеу;
  • ешкімді мазақтамау;
  • бір-біріне физикалық күш жұмсамау, зиян тигізбеу;
  • өз пікірін, сезімін ашық айту.
4. «Көршінің қолы» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылар арасында қарым-қатынас құру, тактильді сезімдерін дамыту.
Оқушылар бір-бірінің қолдарын ұстап, қандай екенін айтады (жылы, нәзік, суық, қатты, жұмсақ т.б.).
5. «Ең зейінді» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың зейін қабілеттерін дамыту.
Жүргізуші оқушыларға әр түрлі заттар, қасиеттер айтады, балалар оларды бөлмеден тауып алып қолдарымен ұстау керек. Мысалы: қатты, қызыл, суық, жасыл, жылтыр, биік, ұсақ, жұмсақ, қара, үлкен, қоңыр т.б.
6. «Қуанышты саусақтар» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың ұсақ қол моторикасын дамыту.
Балалар шеңбер құрып отырады. Жүргізуші саусақтар ға арналған әр түрлі жаттығулар, қимылдар көрсетеді, оқушылар оларды орындайды.
7. «Жаңбыр» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың ұсақ қол моторикасын дамыту, көңіл-күйді жоғарылату.
Оқушылар жүргізушінің көрсеткет қимылдарын орындайды: алақандарын бір-біріне үйкелеу, бір саусақпен алақанға шапалақтау, екі саусақпен алақанға шапалақтау, үш саусақпен алақанға шапалақтау, төрт саусақпен алақанға шапалақтау, екі алақандармен тізеге шапалақтау, алақандармен тізеге шапалақтап аяқтармен еденге соғу. Қимылдар тыныштықта жасалынады. Кейін қимылдар керісінше жасалынады. Осылайша жаңбыр істелінеді.
8. «Піл, бұқа, скунс» жаттығуы.
Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйлерін  жоғарылату, зейін қабілеттерін дамыту.
Жүргізуші оқушыларға «піл», «бұқа», «скунс» жануарларына сәйкес қимылдар көрсетеді. Кейін жануарларды атайды, оқушылар оларға тән әрекеттерін орындайды.
9. Кері байланыс
Мақсаты: оқушылардан кері байланыс алу.
Оқушылар жалпы тренингтен алған әсерлерімен, сезімдерімен бөліседі.

Похожие публикации