Войти / Зарегистрироваться

Гүл-өмірдің сәні

Получить свидетельство
Автор: Сагимбекова Макпал Балтабаевна

Тақырыбы: Гүл – өмірдің сәні
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға майлықтардан гүл жасаудың әдіс-тәсілдерін  игерту.
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін шыңдау, қиялы мен қол еңбегін байланыстыру, сөздік қорын толықтыру, ұсақ қол моторрикасының қызметін жетілдіру.
Тәрбиелігі: Сабақ барысында іс-әрекеттер мен қауіпіздік техникаын байланыстыра отыра оқушыларды сақтық ережелерді орындауға, байсалдылыққа, ұқыптылыққа баулу.
Керекті құрал-жабдықтар: қайшы, түрлі- түсті майлықтар, желім, жіп, таяқшылар, гафро қағаз.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
- Сәлеметсіздер ме, балалар?!
- Көңіл-күйлерің қалай?
- Сендермен қауышып отырғанымызға өте қуаныштымыз. Бүгінгі сабақ ерекше. Сендердің қабілеттеріңді көруге қонақтар келді.
- Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмыз. Бүгін аптаның сәренбі күні сабағымыз сәтті өтін деп тілейік. Мен барлығыңды жылулық шеңбері-шаттық шеңберіне шақырамын.
(Балалар шеңбер құрып тұрады, бүгінгі күнге тілек айтады).
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Ой шақыру.
Гүл ексең терлеп,
Мұның аты-еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты-еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.- дегендей бүгін сабақта біз еңбек етеміз. Және абақ соңында еңбегіміздің жеміін көреміз.
- Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз жұмбақтың жауабымен байланысты.
Жұмбақ: Адамдардың бәрі қызығады, (слайд)
ұстай берсең сәні бұзылады.
Ол не? (гүл)
- Дұрыс.
- Балалар, өздерің тапқандай бүгінгі сабақ тақырыбы гүлмен байланысты. Яғни, майлықтардан гүл жасау шеберлік сағаты.
II. Жаңа сабақ.
Гүлдер біздің жер шарымызды көркейтушілер. Гүлдерді барлығымыз жақсы көреміз. Гүлдер бізге қуаныш сезім әкеледі, сондықтан да барлық мерекелік іс-шараларда гүлдер пайдаланылады.
- Балалар, айтындаршы, тірі гүлдер көпке шыдайды ма?
- Әрине, көпке шыдамайды. Бірнеше күннен кейін олар солып, өздерінің әдемілігін жоғалтады, құрғап қалады.
Мерекелік қуаныштың әсерін ұзақ сақтау үшін, адамдар жасанды гүлдер жасауды үйренді. Олар жасаған гүлдердің әсемдігі соншалық, олардың табиғи гүлдерден еш айырмашылығы болмады.
Сөйтіп, жасанды гүлдердің түр-түрін ойлап табуды жөн көрді.
Негізгі бөлім.
Бүгін біз сендермен қол еңбегімен айналысамыз. Оның ішінде  майлықтардан  таушымылдық гүлін жасауды үйренеміз. (Слайд) (информация о таушымылдық)
Балалар, жұмыты бастамас бұрын сендерге бір ескертуім бар. Кәне , қауіпсіздік техникасын еске түсірейікші.?!
Қауіпсіздік техникасын сақтайық: (слайд)
1. Қауіпсіздік техникасын сақтай біл.
2. Қайшыны қасыңдағы оқушыға сілтеме. (қайшыны қалай береді?)
3. Қайшыны ашық тастама.
4. Сабақ соңында жұмыс орнын жинау.
Тәжірибе жұмысы: Ал енді бастайық.
Майлықтардан гүл жасауды әркім үйрене алады. Жұмыс жасау үшін бізге біраз шығармашылық қиял мен шыдамдылық керек. Сұлулықты қолдан жасау үшін оның болмысын жүрекпен сезіп, көзбен көріп сезіну керек. Сонда ғана еш қиындықсыз гүлдің түр-түрін жасай алатын боласыңдар.
Жұмысқа керек құрал-жабдықтар: қайшы, желім, әр түрлі түсті майлықтар, жіп, таяқшы, жасыл түсті гафро қағазы қажет.(слайд)
- Жұмыс орны дайын ба?
- Балалар, мұқият маған қараңдар. Мен сендерге майлықтан таушымылдық гүл жасау ретін көрсетемін.
- Ал, сендер менің іс-әрекетімді қайталаңдар.
(Слайд)
Сергіту сәті (видео)
- Балалар біздің саусақтарымыз сиқырлы сияқты.олар арқылы біз барлық қимыл-әрекеттерді жасай аламыз. Қәне, бәріміз орнымыздан тұрып бір сергіп алайық.
- Жұмысты аяғына дейін жалғастырамыз.
Міне, балалар қараңдаршы, біздің гүлдеріміз дайын болды.
- Кәне, қайсыларың әсем гүлдерге арнап өлең оқиды?( балалар өлең оқиды)
- Өте жақсы, тамаша!
Ал енді, балалар дайын таушымылдық гүлдерімізді гүл шоғы  қылып жинастырып,  қонақтарымызға сыйлық етіп, ұсынайық.
Қорытынды:
- Балалар біз бүгін шеберлік сағатымызда не үйрендік?
- Несімен сабақ ұнады?
Ал, оқушылар, бүгінгі күніміз сіздердің бақытты шақтарынның бір күні деп біліп, сондықтан осындай күндерің көп болсын. Осымен сабағымызды аяқтаймыз, сау болыңдар. Рахмет!

Похожие публикации