Войти / Зарегистрироваться

С. Муканов "Саятшы Ораз"

Получить свидетельство
Автор: Султангереева Гулайым Орынгалиевна

Пән: қазақ  әдебиеті
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға С.Мұқановтың шығармашылығы мен шығармашылығынан мәлімет беру ,әр түрлі тәсілдер арқылы шығарманың негізгі мағынасын меңгерту, Ораз бейнесін ашу арқылы ұлттық қасиеттерді ұқтыру, жаңа сөздерді меңгерту, танымдық қызығушылығын ояту.
2.Оқушыларды өз бетінше жұмыстануға баулу, өз тұжырымын жасай білуге үйрету, шығармаға кешенді  және аннотациялық талдау жасауға төселдіру.
3. Халқымыз қадір тұтқан аң-құстарды аялауға, табиғатты сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын   оқушылар   бойына сіңіру.
Әдісі: СТО стратегиялары,  сөздік жұмыс, топтық жұмыс, проблемалық жағдаят, сұрақ-жауап,
Көрнекілік: қыран құстар суреті, кесте, слаид, кеспелер, тірек сызба, бағалау парағы
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру:
С.Мұқанов туралы не біліп келдіңдер?    
Ол туралы деректі қайдан білуге болады?
"Өмір мектебі" атты кітапта кім туралы айтылған?
«Сандар сөйлейді?» ойыны

1900ж

26 сәуірде  СҚО дүниеге келді

1925ж

«Октябрь өткелдері»  поэмасы

1928ж

«Сұлушаш» поэмасы, «Мөлдір махаббат» романы

1938ж

«Ботагөз» романы  /Жұмбақ жалау/

1950ж

«Сырдария» романы, «Шоқан Уәлиханов» пьесасы

1955ж

«Өмір мектебі» трилогиясы

 
Әңгімені үйден түгел оқып келу тапсырылды.
Эпиграф:Лашын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата-анаға бала  қадірлі.
 Жаңа сабақ:
Қызығушылықты ояту: 
а)Қандай  ұлттық мәдени құндылықтарды білесің?
(жауаптары: қолөнер, әдет-ғұрып, ұлттық өлшем, тарих, тіл, құсбегілік, аңшылық, саятшылық)
ә)Қандай аңшылық тәсілдерді атай аласың?
(жауаптары: түтін салу, итпен алу, қақпан салу, құс салу, інді қазып алу)
Мағынаны ашу сатысы:
1).Сөздік жұмыс:
Саятшы-құс баптаушы
Сауға беру-ақысыз олжа үлестіру
Шілік-өсімдік
Ителгі-жыртқыш құс
Қаршыға-өте алғыр құс
2)Топтық жұмыс:
1-тапсырма
1-топ:
Әңгімеге жоспар   құру:
1.Жаңа қоныс
2.Саятшы Ораз
3.Ораз дың мергендігі
4. Оның құс баптау шеберлігі
5. Ораздың  достары-балалар
6.Ораз бойындағы адамгершілік қасиеттер
7. Аңшылық туралы әңгімелері
2-топ:                 
Әңгіменің композициялық құрылымы
Әңгіменің басталуы--------- Мұқан үйінің Сүлеймен ауылына көшіп келуі
дамуы---------     Ораз үйімен көрші тұруы
шиеленісуі-------Мұқанның  науқастануы
шарықтау шегі--  Сүлейменнің сараңдық танытуы
шешімі----------   Ораздың адамгершілігі, көмек қолын созуы
2-тапсырма.
Мәтінмен жұмыс
1-топ: Портрет.              
портрет- шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр-тұлғасын суреттеу.
Мысалы: Ораз, Сүлеймен бейнелерін ашу
2-топ:  Пейзаж
пейзаж- шығармадағы  табиғатты суреттеген бейнелі сөздерді табу
3-тапсырма.
Аңшылыққа байланысты ырым-тыйым мен мақал- мәтелдер жазу
1-топ: аңшылыққа байланысты ырымдар
Аңға шығар алдында аңшыға «Қанжығаң майлансын!» деген тілек айтылады.
Аңдағы алғашқы олжа ешкімге сыйланбайды.
Бүркіттің тұяғы қасиетті саналады, оны үйдің төріне іледі.
2-топ: аңшылық туралы мақал-мәтелдер
Қыран күнге  қарағанда кірпігін қақпас.
Құстың алғанынан салғаны қызық.
Бүркіт самғап ұшып, сорғалап түсер.
3) Оқиға желісі бойынша сұрақ-жауап (оқушы жауабы тыңдалады)
Ораз мергендігі туралы не айтасың?
Құсбегі екендігін дәлелдей аласың ба?
Бүркіттің аң алуын сипатта.
Көрші ақысы деген не?
4) проблемалық жағдаяттар
- Аңға шыққанда балаларды неге ілестіреді?
- Аң үркіту тәсіліндегі айырмашылықтар ( Абай өлеңі мен әңгімедегі аң аулау тәсілі)
- Мұқан қысқы үйін неге күйеу баласы Сүлейменнің қасынан салмады?
5) Оқушы пікірі

 Әңгімедегі маған ұнаған оқиға

Айтар өз пікірім

1

2

3

 

 
6) Қорытынды: Нені үйрендім?
Нені білгім келеді?
Не білемін?
7) Үйге тапсырма: «Қазақтың саятшылық дәстүрі» әңгіме жазып келу
8) Бағалау парағын  толтыру:

Жазушы туралы мәлімет

Құс салу

Мәтінге талдау

Өз пікірім

Ораз бейнесі

Қорытынды