Войти / Зарегистрироваться

Ашық сабақ Орамалды өрнектеу

Получить свидетельство
Автор: Толегенова Жибек Шайхановна

Мақсаты: 
Білімділік.Балаларды қол орамалды әшекейлеп, қошқар мүйіз оюын қолдана білуге үйрету.                        
Дамытушылық: Көз мөлшерін, түсті сезіну,көркемдік талғамын дамытуға үйрету.
Тәрбиелік: Шыдамдылыққа, төзімділікке  тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлттық тұрмыстық заттар: текемет суреті,қоржын,ою-өрнек  түрлері
Керекті   құралдар:  Қол  орамал,қошқар мүйіз  оюының  үлгісі,желім, сүлгі  тақтайша.
Пәнаралық  байланыс: Тіл  дамыту,  математика.
Сабақ   барысы:
- Балалар, шаттық шеңберге тұра қалайық.
Үлкенге де Сіз                      
Кішіге де Сіз
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз Біз!                              
- Балалар, әр  ұлттың ою –өрнектері әр  түрлі болады. Біздің   ою-өрнегіміз   ерекше.
Оларды әшекейлеген ұлттық киімдер, тұрмыстық заттар арқылы танып, біліп келеміз.
Ою-өрнектерді өсімдіктерге жапырақтар, гүлдер, жануарларға қарап шығарған.
Ою-өрнектердің бірнеше түрлері бар. Қошқар мүйіз осы төрт түліктің бірі қошқардың мүйізіне ұқсатып шығарған. Бұл ою киізден жасалған текеметте, сырмақта, үй  бұйымдарында кездеседі.
- Балалар, бүгін бізге  алыста тұратын әже көмек сұрай келіпті.
Әжейге қол орамалды безендіруге көп тапсырыс түскен екен.
Әжей үлгере алмай, сендерден қол орамалды оюлап берулеріңізді өтінді.
Әжейге көмектесеміз бе?
- Иә, әжеге көмектесеміз.        
- Алдарыңызда қандай оюдың үлгісін көріп отырсыңдар?
- Қошқар мүйіз оюының үлгісі.
- Бүгін біз қол орамалға қошқар мүйіз оюын жапсырамыз.
      
- Балалар шаршаған боласыңдар, бойымызды сергітіп алайық.
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
- Балалар, ою-өрнек туралы мақал-мәтел  білесіңдер  ме?
- Өнерлі бала өрге жүзеді.
- Ою ойғанның ойы ұшқыр.
- Өнерлі бала сүкімді.
- Ал, балалар, енді ойын  ойнап жіберейік.
Дидактикалық ойын: Өрнекті ата.
Ойынның шарты: Балалар  өрнектің  атын   атайды.
Ең көп атаған бала жеңімпаз болады.
Балалардың жұмысын тексеру.
- Балалар,бүгін біз қол орамалды қандай ою-өрнекпен әсемдедік!
- Қошқар мүйіз оюымен әсемдедік. Әр бала өз қол орамалындағы
оюдың түсін атайды.
Білуі  керек: Ұлттық ою – өрнек түрлерін ажырата білуі.
Үйрену керек: Көз мөлшерімен ою-өрнекті матаның бетіне жапсыра білуді  
үйрену керек